
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 26 сәуірдегі № 296 бұйрығына сәйкес Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 362 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында көліктік бақылау бекеттерінің жұмысын ұйымдастыру қағидаларына (бұдан әрі –Қағида) өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Атап айтқанда, Қағидаға енгізілген өзгерістер мен толықтырулар қызметкерлердің лауазымдардағы іс-әрекеттерін қарастырады:
- жүргізушінің көлік құралын тоқтату туралы талапты орындамауы немесе тексеру үшін қажетті құжаттарды беруден бас тартуы не көлік құралының нақты салмақтық және габариттік параметрлерін өлшеуді жүргізуі;
- рейс алдындағы (ауысым алдындағы) техникалық байқаудан өтпеген автокөлік құралдарын пайдалануға шығару, сондай-ақ жол парағында тиісті белгілерсіз рейс алдындағы (ауысым алдындағы) медициналық байқаудан өтпеген жүргізушіні басқаруға жіберу не жүргізуші оларды ұсынбау.
Бұл ретте, Әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактілерін белгілеу және олар бойынша іс жүргізу шараларын қамтамасыз ету мақсатында пилотсыз ұшу аппараттарын пайдалануға, мемлекеттік нөмірлік белгілерді алып қоюға және көлік құралына дөңгелек бұғаттағыштарды орнатуға жол беріледі.
Сонымен қатар, посттарда сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін бақылауды қамтамасыз ету және болдырмау мақсатында қарқынды қозғалысы бар автожол учаскелерін айқындау жөніндегі критерийлер көзделген, олардың негізінде посттардың маршрут карточкасы жасалады, жылжымалы посттарда деректерді Ахуалдық орталыққа беру функциясы бар мобильді таразыларды пайдалану.
Бұдан басқа, Қағидаларға «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік және жер қойнауын пайдалану мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2022 жылғы 29 желтоқсандағы № 174-VII ҚРЗ Заңына сәйкес келтіру шеңберінде заң техникасы және Қағидалардың кейбір тармақтарының редакциясын оңтайландыру бойынша редакциялық түзетулер енгізілді.
Соынмен қатар, Көлік заңнамасын бұзуды анықтаған жағдайда Көлік комитетінің Ахуалдық орталығына 8-7172-98-35-35 сенім телефонына және What’s App мессенджері (+7 700-098-3535) арқылы тәулік бойы хабарласуға мүмкіндік бар екендігін хабарлаймыз.