Мобильная группа провела рейдовые мероприятия по весенним ограничениям

Мобильная группа провела рейдовые мероприятия по весенним ограничениям

Ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған көктемгі шектеулер бойынша мобильді топ рейдтік іс-шаралар жұмыстарын жүргізді

 

Бүгін БАҚ өкілдеріне арналған брифингтен кейін “Алматы-Қапшағай” тас жолында ҚР ИИДМ Көлік комитетінің мобильді тобы мен Алматы қаласы бойынша Көліктік бақылау инспекциясының мамандары және БАҚ өкілдерінің қатысуымен ауыр жүк тасымалдаушыларға қойылған уақытша шектеулер бойынша рейдтік іс-шара жүргізілді. 

Шара барысында, ауыр жүк көліктерге тексеру жұмыстары жүргізіліп, 9 бұзушылық анықталды. Оларға Жылжымалы көліктік бақылау бекетінің Инспекторлары әкімшілік хаттама толтырып, заңнамада белгіленген тәртіпте айыппұл салынды.

 

Еске сала кетсек, жыл сайынғы қолданылу мерзімдеріне сәйкес жеке білікке түсетін жүктемесі 8 тоннадан артық автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде шектеу  2020 жылдың 1 наурыз - 1 сәуір аралығында енгізілген болатын.

Солтүстік өңірлерде 23 наурыз - 1 мамыр аралығында шектеулер енгізілетін болады.

 

Сонымен қатар, Көлік комитетінің мобильді тобы 1 наурыздан бастап Түркістан,Қызылорда,Жамбыл,Алматы облыстары мен Алматы және Шымкент қалалары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысына көктемгі кезеңде қойылған шектеулер бойынша рейдтік шаралары жүргізілді.

 

Шара барысында 200-ден аса заң бұзушылықтар анықталды.