
Құрметті көліктік бақылау органдарының қызметкерлері мен ардагерлері!
Сіздерді Қазақстанның көліктік бақылау жүйесінің құрылғанына 30 жыл толуымен шын жүректен құттықтаймыз!
Осыдан 30 жыл бұрын Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 5 сәуірдегі № 257 қаулысымен Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Қазақстан Республикасының Көлік инспекциясы құрылды.
Бұл айтулы күн көліктік бақылау саласында еңбек еткен және еңбек етуді жалғастырған барлық адамдарды біріктіреді!
Күн сайын Көлік комитетінің және оның аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері автомобиль, теміржол, теңіз және су көлігінің жайлы және қауіпсіз жұмыс істеуін қамтамасыз етуге зор үлес қосады.
Қазақстанның заманауи көлік жүйесінің тиімділігі – сіздің үйлесімді жұмысыңыз бен жоғары кәсібилігіңіздің нәтижесі!
Біздің айтулы күніміз қарсаңында баршамызға зор денсаулық, амандық, оптимизм және кәсіби қызметте табыс тілейміз!
Құрметпен,
Көлік комитетінің басшылығы