
Жол төсемін сақтау мақсатында көктемгі су тасқыны кезеңінде жолдарда бір оське 8 тоннадан астам жүктемесі бар жүк және ірі көлемді автокөліктер үшін қозғалысты шектеу енгізілді.
Осылайша, 2023 жылғы1 наурыз бен 1 сәуір аралығында Алматы, Атырау, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған өңірі), Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарының жолдарында қозғалысты шектеу енгізілді.
Сондай-ақ, 2023 жылғы 23 наурыздан 1 мамырға дейін Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды (Қарағанды өңірі), Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында қозғалысты шектеу енгізіледі.