
Құрметті теміржол, автокөлік және су көлігі салаларының қызметкерлері, Көліктік бақылау инспекциялары мен «Қазақстан су жолдары» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының қызметкерлері Сіздерді көктемнің алғашқы мерекесі 1 наурыз Алғыс айту күнімен құттықтаймыз!
Көлік саласы – отандық экономиканың серпінді драйвері. Бүгінде еліміз өңірлік логистикалық хабқа және транзиттік әлеуеті дамыған аймаққа айналуда. Осы салада атқарып отырған жұмыстарыңызға мың алғыс. Сіздерге өз атымнан және Көлік комитеті ұжымы атынан зор денсаулық, еңбектеріңіз жемісті болсын дейміз. Әрқашан үміттеріңіз орындалып, толағай табыстарға жете беріңіздер. Отбасыларыңызға бірлік, құт-береке тілейміз!
Ізгі ниетпен: Көлік комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қ.Н. Тілепов.