
22 наурыздан бастап Елордаға поезбен қатынау шектеледі
Ағымдағы жылдың 18 наурыздағы төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның шешімімен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарына ағымдағы жылдың 22 наурыз сағат 00:00-ден бастап кіруге тыйым салынды. Осыған байланысты 22 наурыздан бастап келген және кетіп бара жатқан жолаушылар поезы Нұр-Сұлтан қаласына тоқтамайтын болады. Қалаға тек транзиттік поездар жіберіледі. Бірақ вокзалдарда тоқтамайды.