
ҚР ИДМ Көлік комитеті батып кеткен кемелерді жою жөніндегі халықаралық конвенцияға қосылу жұмыстарын атқарып жатыр. Бұл шаралар Каспий теңізінің қазақстандық секторында батып кеткен шетел кемелерін шығару мәселесін шешуге мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта осындай екі кеме бар.
ҚР үшін бұл Конвенция Каспийде, соның ішінде ерекше экономикалық аймақта батып кеткен кемелерді жою жөніндегі мәселелерді басқа елдермен реттеуге негіз болады.
Конвенцияны ратификациялау:
Комитет мүдделі мемлекеттік органдармен Конвенцияны ратификациялаудың мақсатқа сәйкестігін келісуде. Ғылыми-құқықтық экспертизаның оң қорытындысы алынды.
Қазіргі уақытта ҚР Заңнама институты ғылыми-лингвистикалық сараптама жүргізіп жатыр.



