Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғауда!

Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғауда!

ҚР ИИДМ Көлік комитеті 2022 жылғы 27 желтоқсаннан 2023 жылдың 31 қаңтарына дейін «Көліктік бақылау – отандық тасымалдаушылар мүддесін қорғауда» атты жыл сайынғы акцияның басталғандығын жариялайды.

Аталған акцияның негізгі мақсаты болып шетел автокөлік құралдарының үкіметаралық келісім және ҚР көлік заңнамасы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету болып табылады.

Жыл сайын, шет мемлекеттерінің құзырлы органдарымен жолаушылар мен жүктердi халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық келісімдер шеңберінде халықаралық жүк тасымалдауды жүзеге асыруға тепе-теңдік негізде рұқсат қағаздарының алмасуы жүреді.

Рұқсат қағаздары шетелдік тасымалдаушыларға Халықаралық келісімдерге сәйкес беріледі. Әр мемлекет серіктес мемлекетке өз территориясында жүк тасымалдауға белгіленген мөлшерде квота беріледі. Осыған орай, жүк тасымалдайтын компаниялардың квотасы болмаса немесе бітіп қалған жағдайда, шет мемлекеттің территориясында жүк тасымалдай алмайды.

Аталған шаралар отандық тасымалдаушыларды қолдауға және халықаралық автомобильмен тасымалдау рыногында отандық тасымалдаушылардың бәсекеге қабiлеттiлiгi үшiн жағдайлар жасауға, жеке және заңды тұлғалардың заңды құқықтары мен мүдделерiн, сондай-ақ мемлекеттiң ұлттық мүдделерiн қорғауға, сонымен қатар автомобильмен тасымалдаудың iшкi нарығын қорғауға бағытталған.