
Ағымдағы жылдың 5 наурызынан бастап әлеуметтік маңызы бар облысаралық қатынастар бойынша темір жол көлігімен жолаушыларды тасымалдау құнын жоспарлы арттыру көзделуде.
Тарифтерді арттыру тасымалдаушылардың шығыстарын ұзақ мерзімді субсидиялауға арналған шарт шеңберінде шарттық міндеттемелермен көзделген.
Жолаушылар тасымалдау бағасының базалық ставкаларының өсуіне байланысты тарифтердің өсуі 7% - ды құрайды.
Әлеуметтік маңызы бар қатынастар бойынша жолаушылар тасымалы шығынды болып табылатынын және мемлекеттік бюджет есебінен субсидияланатынын атап өту қажет.
Вагондар паркін жаңарту және жөндеу мен ұстауға арналған шығындар жағдайында тарифтердің өсуі бюджетпен жабылмайтын шығыстарды жабу үшін қажет.
Жолаушылар тасымалының бағасын көтерудің негізгі оң әсері вагондар паркін жаңартуға тасымалдау сапасын жақсарту үшін тасымалдаушыларды ынталандыру болып табылады.
Айта кету керек, 2019 жылы тасымалдаушы Маңғыстау – Алматы", "Нұр-Сұлтан – Атырау", "Нұр-Сұлтан – Сарыағаш", "Алматы – Атырау", "Маңғыстау – Алматы", "Нұр-Сұлтан – Сарыағаш" бағыттары бойынша пойыз құрамын жаңартуға бағытталған 109 жолаушы вагонын сатып алды.
Сондай-ақ, "Нұрлы Жол" бағдарламасы аясында тасымалдаушы 2025 жылға дейін шамамен 600 вагонды жаңартуды жоспарлап отыр.