
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясында 2020 жылғы 27 ақпанда тиісті құқық қорғау, бақылау және жергілікті атқарушы органдардың, сондай-ақ жол ұйымдары мен автомобиль тасымалдаушыларының қатысуымен автомобиль жолдары желісінің сақталуын қамтамасыз ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңеске қатысушылар ауыр салмақты АКҚ-ның жүруін бақылау бойынша Инспекцияның жүргізіп жатқан жұмысы туралы, көктемгі кезеңде автокөлік құралдарының қозғалысын алдағы уақытта шектеу туралы ақпараттандырылды.
Сондай-ақ ауыр салмақты жүктерді тасымалдау кезінде бұзушылықтарды жасауға ықпал ететін факторларға талдау жүргізілді және оларды жою бойынша бірлескен шаралар әзірленді.