"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Достық – Жезқазған – Мойынты транзиттік дәлізінің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары көзделген

"Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Достық – Жезқазған – Мойынты транзиттік дәлізінің инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары көзделген

Қазақстанның транзиттік маршруттарының өткізу қабілетін арттыру мақсатында 2020-2025 жылдарға арналған "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде Достық – Жезқазған – Мойынты транзиттік дәлізінің инфрақұрылымын жаңғырту бойынша іс-шаралар көзделген.
"Достық-Ақтоғай-Мойынты" теміржол учаскесін жаңғырту " жобасын іске асыру өткізу қабілетін 9-дан 28 жұп поезға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Жүк ағынының өсуі 2030 жылы 2018 жылмен салыстырғанда 1,5 есеге артады. Құрылыс кезеңінде 3 000 – ға жуық адам, пайдалану кезеңінде-127 адам жұмыс орындарымен қамтамасыз етіледі.
Тұтастай алғанда, аталған жоба экспорттық-импорттық және транзиттік тасымалдардың тиімділігін арттыру, Қазақстанның темір жол желісінің әлемдік көлік жүйесіне кірігуін жеделдетеді, сондай-ақ қазақстандық және халықаралық тасымалдаушылар үшін үлкен Қытай нарығын және Еуропа мен Ресей елдерінің нарықтарын барынша қолжетімді етеді.