Қазақстан Женевада жасалған қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісімге қосылды

Қазақстан Женевада жасалған қауіпті жүктердің  халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісімге қосылды

Қазақстан Женевада жасалған қауіпті жүктердің

халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісімге қосылды

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 7 мамырдағы № 193 Заңына сәйкес, Қазақстан 1957 жылғы 30 қыркүйекте Женевада жасалған қауіпті жүктердің халықаралық жол тасымалы туралы Еуропалық келісімге (ҚЖХЖТ) қосылды.

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Келісімді қолдану жөніндегі құзыретті орган болып табылады.

Сонымен қатар, уақыт өткен соң құзыретті органның атауы мен байланыс деректерінде өзгерістер болды. Осыған байланысты, БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының сайтында уәкілетті органның деректері өзектілендірілді.

Бұдан басқа, БҰҰ ЕЭК сайтында "Көлік" бөлімінде (ADR сертификаттары) халықаралық және республикаішілік қатынастарда автокөлік құралдарымен қауіпті жүктерді тасымалдауға жүргізушіге рұқсат беру туралы куәліктің үлгісі  белгіленген, ол Қазақстан аумағында халықаралық және республикаішілік қатынастарда қауіпті жүктерді тасымалдайтын автокөлік құралдары жүргізушілерін арнайы даярлау жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар береді.