Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін кеңейту

Транскаспий дәлізінің мүмкіндіктерін кеңейту

Ағымдағы жылғы 3 қыркүйекте Транскаспий халықаралық көлік бағдары аясында Ақтау-Баку бірінші айналмалы рейсіне жөнелтілген «Сұңқар» контейнерлік кемесі пайдалануға берілді. Кеменің тасымалдау қабілеті – 300 ЖФЭ. «Сұңқарды» пайдалануға беру «Қазақтеңізкөлікфлоты" ҰТКҚК» ЖШС ұлттық теңіз тасымалдаушысы флотының қуатын жылына 30 мың ЖФЭ-ге дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда отандық сауда флоты жүк ағындарын контейнерлеу процесінде басты рөл атқарады. Бұл Транскаспий бағытының жалпы тартымдылығына кепілдік береді.

Транскаспий дәлізінің транзиттік-көлік әлеуетін кеңейтудің маңыздылығын Мемлекет басшысы өз Жолдауында атап өтті.