Қазақстан мен Қытай арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалы кедергісіз жүзеге асырылып жатыр

Қазақстан мен Қытай арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалы кедергісіз жүзеге асырылып жатыр

Қытай Халық Республикасындағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі елімізде коронавирустың тарауының алдын алу мақсатында шаралар қабылдады.
Осыған байланысты Алматы-Нұр-Жолы-Үрімші, Өскемен-Майқапшағай – Үрімші, Жаркент – Қорғас – Құлжа, Аягөз – Бақты – Зимұнай бағыттары бойынша автобус қатынасы тоқтатылды (екі бағытта күніне барлығы 13 рейс).

Ал екі ел арасында автомобиль көлігімен жүк тасымалы кедергісіз жүзеге асырылуда. Ағымдығы жылдың қаңтар айында 5626 жүк автокөлігі Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасынан өтті. Бұл өткен жылдың осы мезгілімен салыстырғанда 3% көп.
Сондай-ақ, ҚР Үкіметінің шешімімен қазіргі кезде «Қорғас» шекара маңы ынтымақтастығы халықаралық орталығы жабық.