Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін жетілдіру жалғастырылуда

Сауда мақсатында теңізде жүзу саласындағы мемлекеттік қызметтерді көрсету үрдістерін жетілдіру жалғастырылуда

Сауда мақсатында теңізде жүзу саласында мемлекеттік қызметтер көрсету процесін жетілдіру жалғасуда. Атап айтқанда, «Теңізде жүзу кітапшасын беру» мемлекеттік қызметі, оны көрсету мерзімін 3-тен 2 жұмыс күніне дейін қысқарту арқылы, оңтайландырылды.

Сонымен қатар, теңіз кемелерін тіркеу, шетелдік кемені пайдалануға рұқсат, теңізшінің жеке куәлігін беру, сондай-ақ ұйымдарды техникалық куәландыру бойынша мемлекеттік қызметтер көрсету тәртібіне оларды көрсету рәсімдерін Қазақстан Республикасы әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің ережелеріне сәйкес келтіру бөлігінде өзгерістер енгізілді.

Енгізілген түзетулерге сәйкес енді жасалып жатқан кемені тіркеу кезінде, құжаттар топтамасы толық ұсынылмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға өз қатесін түзетуге және бірден оң нәтижені алуға мүмкіндік беріледі.

Теңізшінің жеке куәлігін алуға өтініш берген кезде, куәлік беруден бас тарту туралы алдын-ала шешім болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушымен алдымен оны тыңдау рәсімі жүргізіледі, оның нәтижелері бойынша оған тиісті жауап беріледі. Осындай өзгерістер ұйымдар мен сынақ зертханаларын техникалық куәландыру бойынша қызмет көрсету үрдісіне де әсер етті.