
ҚР ИДМ Көлік комитетінде ведомство басшысының автокөлік саласында мемлекеттік қызеттерді бекітуге қатысты 2018 жылдың 18-ші маусымынан № 454 бұйрығы бекітілді.
Құжатпен халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат куәлігі мен автокөлік құралдарына рұқсат карточкасын беру мемлекеттік қызметін көрсету нәтижесінің электрондық формасы енгізіледі. Ол қағаз жүзіндегі формамен қатар көрсетіледі.
Одан басқа мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі 3-тен 2 жұмыс күніне дейін қысқартылды.
Бұйрық ҚР Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жолданды.