ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНДА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚАРАП-ТЕКСЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Қызылорда облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы 2019 жылдың 30 қазан күні Инспекция басшысы Н. Шамұратовтың төрағалығымен «Техникалық қарап-тексеру мәселелері бойынша ҚР заңнамасына енгізілген түзетулерді түсіндіру, сонымен қатар, автомобиль, теміржол және су көлігіндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтер» тақырыбында техникалық қарап-тексеру операторлардың, «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-ның өкілдерінің,  мемлекеттік көрсетілетін қызмет алушылардың қатысуымен кездесу өткізілді.

Кездесу барысында өзекті мәселелер талқыланып, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.