ҚР ИИДМ АЛМАТЫ АЙНАЛМА ЖОЛЫНДА ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІН САЛУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

ҚР ИИДМ АЛМАТЫ АЙНАЛМА ЖОЛЫНДА ЖАҢА ТЕМІРЖОЛ ЖЕЛІСІН САЛУ ЖОБАСЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ ҚАРАСТЫРЫЛУДА

Қытай – Орталық Азия елдері бағыты бойынша Алматы станциясы арқылы өтетін теміржол транзиттік жүк ағынының өсіміне орай ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Мемлекеттік-жекешілік әріптестік механизмін қолдана отырып, Жетіген бекетінен Қазыбек бек бекетіне дейінгі теміржол желісін салу жобасын іске асыру мәселесін шешуде.

Жаңа теміржол транзитті тасымалдау мерзімін орташа есеппен 2 тәулікке қысқартуға, сондай-ақ, Алматы станциясының жүктемесін 40% төмендетуге мүмкіндік береді. Құрылыс жұмыстары 2020 – 2022 жылдары жүргізіледі деп болжанып отыр.