
Міндетті техникалық байқау саласындағы бұзушылықтарды болдырмау мақсатында «Жол жүрісі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына механикалық көлік құралдарын және олардың тіркемелерін міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен (бұдан әрі – «Тех байқау» БАЖ) ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптарды бекіту жөніндегі комитеттің құзыретін беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізілді, сондай-ақ міндетті техникалық байқауды ұйымдастыру және өткізу ережелеріне да өзгерістер енгізілді.
Сондай-ақ, ҚР ИИДМ министрінің бұйрығымен міндетті техникалық байқаудың бірыңғай ақпараттық жүйесімен ақпараттық өзара іс-қимылды жүзеге асыратын мамандандырылған бағдарламалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар бекітілді.