2022 жылғы 1 наурызда Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму Вице-министрі Б.С. Камалиевтің төрағалық етуімен көлік құралдарын техникалық қарап-тексеру мәселелеріне арналған кеңес өткізілді.
Күн тәртібіне сәйкес қаралған мәселелер:
- Қазақстан Республикасында техникалық қарап-тексеру сапасын арттыру жөнінде қолданылатын шаралар туралы;
- техникалық қарап-тексеруді тоқтатуды қолдамайтын қоғамшылдар тобының өтінішін қарау.
Кеңес ішкі істер, сауда және интеграция, цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі, ұлттық экономика министрліктерінің, «Атамекен» ҰКП-ның, ұйымдар мен қауымдастықтардың қатысуымен өтті.
Кеңес барысында ҚР ИИДМ Көлік комитеті техникалық қарап-тексеруді ұйымдастыру және өткізу кезінде туындайтын проблемаларды, сондай-ақ құзыреті шеңберінде «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-мен бірлескен осы саладағы бұзушылықтарды болдырмау және техникалық қарап-тексеруді өткізу тәртібін жетілдіру жөніндегі шараларды атап өтті.
Сондай-ақ кеңесте жоғарыда аталған мемлекеттік органдар мен қоғамдық ұйымдар мен қауымдастықтардың өкілдері сөз сөйлеп, техникалық қарап-тексеру орталықтарын аккредиттеу және оларды жұмысқа жіберу функцияларын ҚР СИМ Техникалық реттеу комитетіне реформалау және беру арқылы техникалық қарап-тексеруді өткізу тәртібі мен ұйымдастырылуын өзгертуге бағытталған бірқатар ұсыныстар айтылды.
Кеңес қорытындысы бойынша техникалық қарап-тексеруді жаңғырту бойынша жұмыс тобын құру туралы шешім қабылданды.
Сондай-ақ кеңеске қатысушылар ағымдағы жылдың 15 наурызына дейін Министрліктің атына көлік құралдарын техникалық қарап-тексеруді жетілдіру бойынша ұсыныстар беруі тиіс.
Бұл ретте Министрлік жұртшылықпен техникалық қарап-тексеруді жетілдіру мәселелерін талқылауға ашық, ұсыныстарды k.kamieva@miid.gov.kz электрондық поштасына жіберуге болады.