
Құрметті автотасымалдаушылар!
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 11 наурыздағы № 162 «Қазақстан Республикасының Республикалық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары бойынша автокөлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру туралы» бұйрығына сәйкес, автокөлік құралдарының рұқсат етілген салмақтарына қатысты уақытша шектеу енгізілетіндігін хабарлайды.
Тиісті жылдың 1 наурызынан 1 сәуіріне дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
1) Алматы облысы
2) Атырау облысы
3) Жамбыл облысы
4) Қарағанды облысы (Жезқазған аймағы)
5) Қызылорда облысы
6) Маңғыстау облысы
7) Түркістан облысы
Тиісті жылдың 23 наурызынан 1 мамырына дейін, мынадай облыстарда шектеу енгізіледі:
1) Ақмола облысы
2) Ақтөбе облысы
3) Шығыс Қазақстан облысы
4) Батыс Қазақстан облысы
5) Қарағанды облысы (Қарағанды аймағы)
6) Қостанай облысы
7) Павлодар облысы
8) Солтүстік Қазақстан облысы
Көктемгі кезеңде:
1) халықаралық келісімдерге сәйкес жүктердің және жолаушылардың халықаралық тасымалдарын жүзеге асыратын;
2) төтенше жағдайларды жою және алдын алу жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын;
3) зардап шеккен адамдарға гуманитарлық көмек көрсетуді жүзеге асыратын;
4) азық-түліктерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
5) жолаушылар мен багаж тасымалын жүзеге асыратын;
6) дәрі-дәрмектерді тасымалдауды жүзеге асыратын;
7) мердігер ұйымдарға реконструкциялау жұмыстарын жүргізу үшін берілген учаскелердегі жол-құрылыс жұмыстарын жүзеге асыратын;
8) қарулы күштері, басқа әскери күштер және әскери қалыптастыру, және әскери тасымалдауларды жүзеге асыратын автокөлік құралдарына шектеулер таратылмайды.