ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 700 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

 ЖАЗ МЕЗГІЛІНДЕ ШАҒЫН КӨЛЕМДІ КЕМЕЛЕРДІ ПАЙДАЛАНУДЫҢ 700 ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҒЫ АНЫҚТАЛДЫ

Қазақстанда су көлігі қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жыл сайын өтетін «Скутер» акциясы аяқталды. Жаз мерзімінде ҚР ИДМ Көлік комитетінің инспекторалы 4,2 мың шағын көлемді – катерлерді, гидроциклдерді  және моторлы қайықтарды тексерді.

Тексерістер нәтижесінде 700 заң бұзушылық анықталды. Олардың ішінде жеке құтқару құралдарынсыз кемелерді пайдалану, кеме құжаттарының болмауы және жеке тұлғаның сәйкес құқығынсыз кемені басқару сияқты заң бұзушылықтар жиі кездеседі.

Тексерістерден бөлек, Комитеттің аймақтық органдары кеме иелерімен, шағын көлемді кемелердің тұрақтары және демалыс орындары иелерімен шағын көлемді флотты пайдалану мәселелері бойынша профилактикалық шараларды өткізді.