ЕЛМІЗДІҢ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА 12,5 МЫҢ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

 ЕЛМІЗДІҢ ТЕМІРЖОЛ САЛАСЫНДА 12,5 МЫҢ ЗАҢ БҰЗУШЫЛЫҚ ТІРКЕЛДІ

Қазақстанда 2018 жылдың қаңтар-тамыз айлары аралығында көліктік бақылау аймақтық органдары теміржол көлігінде жұмыс істейтін 303 кәсіпорынды тексерді.

Сондай-ақ, 8 ай ішінде 3 мың км жол мен 8 мың жылжымалы құрам тексерілді.

Инспекторлар 12,5 мыңнан астам заң бұзушылықты анықтап, нәтижесінде теміржол мен бағыттамалық бұрманың 1137 бірлігін және 2733 жылжымалы құрамның  жұмысын тоқтатты.

Есептік мерзімде 648 жолаушылар пойызы тексеріліп, 872 билетсіз жолаушы мен 4 тонна рәсімделмеген жүк анықталды.

Тексеріс нәтижесі бойынша 1370 әкімшілік іс қозғалып, 29 млн теңге айыппұл салынды.