Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында салтанатты мерекелік іс-шара өтті

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы қарсаңында салтанатты мерекелік іс-шара өтті

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Көлік комитеті төрағасы Самат Гилимовтың басшылығымен салтанатты мерекелік іс-шара өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметке жаңадан орналасқан қызметкердің ант беру рәсімі, ерекшеленген қызметкерлерді ведомстволық наградалармен, алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына орай Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің ұйымдастыруымен спорттық шаралар өткізіліп, Көлік комитеті тоғызқұмалақ және үстел теннисінен топ жарып, жүлделі 1-орын алған қызметкерлер де марапатталды.

Тәуелсіздігіміз мәңгі, еліміздің болашағы жарқын болғай!