КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘСЕТ АСАВБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

 КӨЛІК КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ӘСЕТ АСАВБАЕВ ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫНЫҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев Қызылорда қаласы мен Шиелі, Жаңақорған аудан тұрғындарының қатысуымен бірқатар кездесулер өткізді.

Кездесудің негізгі мақсаты – 2018 жылғы 5 қазандағы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың халыққа «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты  Жолдауын кеңінен насихаттау.

Көлік комитетінің төрағасы өз баяндамасында Жолдаудың мәнді мәселелеріне, яғни халық табысының өсуіне, өмір сапасын жақсартуына, жайлы орта қалыптастыру сияқты бірсыпыра мәселелерге көңіл аударды.

Сонымен қатар, Әсет Асавбаев кездесуге келгендерге министрліктің атқарған жұмыстар мен жетістіктер жайында және алдағы уақытта атқарылатын басым бағыттар туралы айтып берді.

Мәжілісті қорытындылай келе, Көлік комитетінің төрағасы Жолдауда қойылған мақсат-міндеттерді атқаруда әрбір Қазақстандықтың атсалысуы маңызды екенін атап өтті.