ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БІРІККЕН КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

 ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АВТОМОБИЛЬ ТАСЫМАЛДАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕ ҚАЗАҚСТАН-ИРАН БІРІККЕН КОМИССИЯСЫНЫҢ КЕЗЕКТІ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2018 жылғы 22-23 қазан аралығында Астана қаласында 2014 жылғы 9 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдау туралы үкіметаралық Келісім шеңберінде Халықаралық автомобиль тасымалдары мәселелері жөнінде қазақстан-иран Біріккен комиссиясының кезекті отырысы өтті.

Отырыс барысында Тараптар Қазақстан Республикасы мен Иран Ислам Республикасы арасындағы жүк тасымалдарының көлемі туралы ақпаратпен алмасты және үстіміздегі жылда екі ел арасында жүк тасымалдары көлемі ұлғаюының оң динамикасын атап өтті.

Жүк көлемін ұлғайту және тасымалдарда тепе-теңдікті қамтамасыз ету мақсатында:

  • Тараптар халықаралық көлік компаниялары тізімдерімен алмасуға келісті;
  • Иран тарапы заңсыз алымдарды алу жағдайында қажетті шаралар қабылдау және ескерту мақсатында шекара маңындағы терминалдарда алынатын алымдар жөнінде ақпараты бар баннерлерді орнатуға дайын екендігін хабарлады;
  • Иран тарапы қазақстандық бос автокөлік құралы алдын ала келісім бойынша Ирандық халықаралық көлік компаниясына жүгінетін жағдайда ол компания Иран аумағына уақытша кіру рәсімдерін қамтамасыз етуге жәрдемдеседі деп мәлімдеді.

Сонымен қатар Иран тарапы қазақстан тарапына Түркияға және ЕО елдеріне Иран арқылы шығу бағытын қолданыстағы бағыттармен салыстырғанда ең қысқа, арзан және тура бағыт ретінде ұсынды.

Келіссөздер барысында 200 әмбебап рұқсат бланкілері көлемінде 2018 жылға қосымша квота орнатылды, сондай-ақ Қазақстан тарапы үшін 700 әмбебап, 300 транзиттік және 50 үшінші елдерден/елдерге рұқсат бланкілері және Иран тарапы үшін 500 әмбебап, 500 транзиттік және 50 үшінші елдерден/елдерге рұқсат бланкілері көлемінде 2019 жылға квота келісілді.

Анықтама:

Ү.ж. 9 айында жүк тасымалдары көлемі сомасы 12,7 млн.АҚШ долларына 13,0 мың тоннаны құрады (экспорт-1,2 мың тонна, импорт-11,7 мың тонна). Бұл ретте 2017 жылдың сәйкес кезеңімен салыстығрғанда 2018 жылдың 9 ай қорытындысы бойынша жүк тасымалдары көлемі 34%-ға артты.