КӨЛІК АПТАСЫНДА ЕЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КӨЛІК САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨКІЛЕТТІ ОРГАН БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

 КӨЛІК АПТАСЫНДА ЕЭО-ҒА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ КӨЛІК САЛАСЫНА ҚАТЫСТЫ ӨКІЛЕТТІ ОРГАН БАСШЫЛАРЫНЫҢ КЕЗДЕСУІ ӨТТІ

22 қарашада өткен кездесуге Ресей Федерациясының Көлік министрі Евгений Дитрич, Еуразиялық экономикалық комиссияның Энергетика және инфрақұрылым бойынша алқа мүшесі (министрі) Эмиль Кайкиев, Армения Республикасының Көлік, байланыс және ақпараттық технологиялар министрінің міндетін атқарушы Акоп Аршакян, Беларусь Республикасы Көлік және коммуникация министрі Анатолий Сивак, Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Роман Скляр, Қырғыз Республикасының Көлік және жолдар министрі Жамшитбек Калилов қатысты.

Қатысушылар 2018 жылы атқарылған жұмыстарды қорытындылады, сондай-ақ мүше-мемлекеттердің көлік саласындағы одан әрі ынтымақтасу перспективаларын талқылады.

2025 жылға дейін келісілген үйлестірілген көлік саясатын іске асырудың негізгі бағыттары мен кезеңдерін жүзеге асыру мақсатында әзірленген 2018-2020 жылдарға арналған көлік түрлеріне арналған жол карталарын жүзеге асырудағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Одақ аясында көлік саласына цифрлық технологияларды енгізу және дамыту мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді. Сондай-ақ, авиациялық оқиғалар мен тосын оқиғаларды тексеру жөніндегі халықаралық бюроны құру мен оның қызметі туралы келісімге қол қойылды.