
Теңізшілерді дайындау және дипломдау, вахтаны атқару туралы халықаралық конвенция талаптарына сәйкес, Көлік комитетінде, Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкімшілігінде ISO 9001:2015 халықаралық стандартына сәйкес сапа менеджменті жүйесі (бұдан әрі – СМЖ) енгізілді.
Осы сапа менеджменті жүйесі (СМЖ) теңізшілердің кәсіби дипломдарын және олардың растауларын, жеңілдік рұқсатын, сондай-ақ теңіз білім беру ұйымдары мен теңіз тренажер орталықтарын куәландыру, олардың оқу бағдарламаларына келісім беру кезінде ұстану үшін міндетті сапа стандарттарын белгілейді.
СМЖ-нің болуы, сонымен қатар халықаралық стандартарға сәйкес қызметтерді қолдау бойынша тиімді мониторингті және шараларды уақтылы қабылдауды қамтамасыз етеді.
Биыл 23 қарашада СМЖ ISO 9001:2015 стандартына сәйкестік сертификатын және IQNet сертификаттау бойынша Халықаралық Органдар Ассоциациясының сертификатын бере отырып, DQS Holding GmbH халықаралық компаниясы сәтті сертификациялады.
