ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕҢІЗ КӨЛІГІМЕН ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСМЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

  ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТЕҢІЗ КӨЛІГІМЕН ҚАУІПТІ ЖҮКТЕРДІ ТАСМЫЛДАУ ТАЛАПТАРЫ БЕЛГІЛЕНДІ

2019 жылдың қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасының теңіз көлігімен қапталған қаупті жүктерді тасымалдау жаңа талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

Атап айтқанда, кеменің бортында орналасқан барлық қауіпті жүктерді көрсете отырып, арнайы тізілім/жүк жоспарының және борттағы қауіпті жүктердің орналасқан жері туралы ақпаратты қамтитын контейнерді/көлік құралдарын тиеу туралы куәліктің болуы туралы қосымша талаптар енгізіледі.

Сондай-ақ, қауіпті жүктерді теңізбен тасымалдау халықаралық кодексінің ережелеріне сәйкес, ыдысқа және қауіпті жүкті қаптау, оларды толтыру, таңбалау және қауіпті таңбалармен жабдықтау және кемеде тасмалдау талаптары белгіленеді.

Бұдан бөлек, астық тасымалдау үшін кеменің техникалық жарамдылығын мақұлдайтын және ҚР Теңіз әкімшілігі беретін рұқсат құжатының болу қажеттігін регламенттейді.

Сондай-ақ, бүкіл рейс жүктердің барлық түрлерін тасымалдаған кезде кемеде жүктерді тиеу, орналастыру және бекіту Халықаралық теңіз ұйымының Жүктерді бекіту жөніндегі нұсқаулығына сәйкес жүзеге асырылуы қажет.

Жалпы, жаңа талаптар қауіпті жүктерді тасымалдау қауіпсіздігін арттыруға, теңізді ластау қаупін азайтады және Теңізде адам өмірін қорғау жөніндегі халықаралық конвенцияның талаптарын ұстануды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.