ЕЛІМІЗДЕГІ ЕРКІНДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

 ЕЛІМІЗДЕГІ ЕРКІНДІК КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитетінде Тәуелсіздік күніне орай салтанатты мерекелік іс-шарасы өтті.

ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Әсет Асавбаев жиынды салтанатты түрде ашып, ұжымдағы барша әріптестер мен қызметкерлерді 16 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, Мемлекеттік Әнұран қойылып, ашық деп жариялады.

Сіздерді Еліміз үшін айтулы – Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын! Биыл Тәуелсіз ел болып қалыптасқанымызға 27 жыл толып отыр. Бірлігі жарасқан еліміздің тұғыры әрқашанда биік тәуелсіздігіміз мәңгілік болсын. Бұл күн – ата-бабамыз аңсаған, елімізге еркіндік сыйлаған Ұлы күн. Осындай маңызы бар тарихи думанда еліміздің туы асқақтап, келешегі өркейе берсін.       Осы сәтті пайдалана отырып Қазақстан Республикасы көлік саласының дамуы мен өркендеуіне қосқан зор үлестеріңізбен мінсіз қызметтерінің үшін сіздерге ризашылығымды білдіремін деді – Комитет төрағасы Әсет Асанұлы Асавбаев.

Шара барысында Қазақстан Республикасы Президентінің 2018 жылғы  21 қарашадағы № 792 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының және оның астанасының қалыптасуы мен дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Астана 20 жыл» мерекелік медалімен Көлік комитетінің Заң жұмысы басқармасының басшысы Динара Рахымжанқызы Алинова, Көлік комитетінің Автомобиль көлігі басқармасының басшысы Талғат Мұратбекұлы Оспанов, Теміржол көлігіндегі бақылау басқармасының бас сарапшысы Талғат Қайратұлы Мырзакәрімов және Теміржол көлігі басқармасының бас сарапшысы Өзбекқызы Шынар Кесікбай наградталды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2018 жылғы 13 желтоқсандағы № 940-к бұйрығымен Қазақстан Республикасының дамуы мен өркендеуіне қосқан үлесі мен мінсіз қызметі үшін келесі қызметкерлер Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Құрмет грамотасымен Көлік комитетінің Кадр жұмысы басқармасының басшысы  Дария Жүсіпбекқызы Мусаева, Темір жол көлігі басқармасының бас сарапшысы Замира Урынбасарқызы Жусупбекова, Ахуалдық орталығының бас сарапшысы Тимур Ғылымбекұлы Атембеков және Қаржы басқармасының бас сарапшысы Айнагүл Жұмакельдықызы Тазабекова марапатталды. Марапаттау рәсімі аясында Кадр жұмысы басқармасының бас сарапшысы Гульнара Еслямовна Аубакироваға Тәуелсіздік күнімен тұспа-тұс келіп отырған мерей тойына орай Комитет төрағасы Әсет Асавбаевтың құттықтау қағазы табыс етілді.

Салтанатты рәсім соңында Кадр жұмысы басқармасының сарапшысы Назерке Ыбрашева мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданғаны үшін ант қабылдады.

Мерекелік іс-шараны ұжымдағы барлық сала қызметкерлері әріптестерін  Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап,аяқтады.