
2006 жылдан бастап көліктік деректер базасының ақпараттық – талдау жүйесін және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингін әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Табысты және жемісті жұмыстың арқасында Көлік комитеті жүйені сынақтан өткізу туралы шарт жасасты.Оның қорытындысы бойынша, ағымдағы жылдың 3 шілдесінде осы жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу туралы акт қабылданды.
Жүйе электрондық нысанда көлік тасымалдарының талдауын қалыптастыруға және ҚР ИИДМ Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелері жұмысының тиімділігі жағдайына мониторинг жүргізуге мүмкіндік береді.
Бұдан басқа, ТБЖ АТЖ комитеттің бизнес-процестерін автоматтандыруға арналған, бұл Кеден одағының сыртқы шекарасының қазақстандық учаскесіндегі өткізу пункттерінде жүк АТС және автобустарды есепке алу және тіркеу, АТС, оның ішінде ел аумағы бойынша автомобиль көлігімен жүктерді, жолаушылар мен багажды тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік АТС есепке алу және тіркеу, көліктік бақылау нәтижелері туралы деректермен алмасу процесі және т. б.