Ағымдағы жылдың 30 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің төрағасы Самат Гилимов Ресей Федерациясы Омбы облысының делегациясымен кездесу өткізді.
Екіжақты келіссөздер барысында өзен кеме қатынасы мақсаттары үшін Қазақстан мен Ресейді қосатын негізгі су көлігі артерияларының бірі болып табылатын Ертіс трансшекаралық өзенін одан әрі дамыту мәселелері талқыланды.
Бүгінгі таңда Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде қол қойылған Кеме қатынасы туралы келісімге ықпал ететін жүк тасымалдарының көлемін ұлғайтудың перспективалық мүмкіндіктері бар. Өз кезегінде қазақстандық тарап осы бағыттағы жұмысты жалғастыруға дайын екенін айтты.
2020 жылдың навигациясында Павлодар-Омбы желісімен тасымалдау шамамен 233 мың тоннаны құрады, оның 90% - ы Омбы облысы бағытында қазақстандық қиыршық тас пен тұзды экспорттады.
Болжам бойынша 2025 жылға қарай біз жүк тасымалын 1 млн. тоннаға дейін арттыру мүмкіндігін күтеміз.
Су қоймаларының Жоғарғы-Ертіс каскады бойынша кемелердің кедергісіз өтуі үшін Бұқтырма, Өскемен және Шүлбі кеме қатынасы шлюздеріне күрделі жөндеу жүргізілуде, бұл өз кезегінде Ертіс өзені бойынша толассыз кеме қатынасын жүзеге асыруға және ҚХР-мен мультимодальдық қатынасты ашуға мүмкіндік береді.
Жалпы, ҚХР бағытындағы транзиттік тасымалдарды қоса алғанда, кеме қатынасы мақсаттары үшін Ертіс өзенін бірлесіп пайдаланудың мүмкіндіктерін айқындау үшін тараптар көліктік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары бойынша нақты ұсыныстар әзірлеу үшін ведомствоаралық жұмыс тобын құруға уағдаласты.