
2018 жылғы 21 желтоқсанда ҚР ИДМ Көлік комитетінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесінің екінші отырысы өтті. Отырысқа Комиетет басшылығы, территориялық бөлімшелердің басшылары, «Атамекен» ҰКП, «Нұр Отан» Партиясы және қоғамдық бірлестіктер өкілдері қатысты. Өз баяндамасында ҚР ИДМ Көлік комитетінің төрағасы Асет Асавбаев теміржол, су және автомобиль көлігіндегі бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою жөнінде қабылданған шаралар мен жыл басынан бері тіркелген қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлық фактілері туралы айтты.
2018 жылы Комитет сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмедету мақсатында келесі шараларды қабылдады:
84 территориялық орган қызметкерлері (соның ішінде 11 – жұмыстан шығарылды, 12 – қызметке толық сәйкес еместігі жөнінде ескерту берілген, 8 – қатаң сөгіс, 38 – сөгіс, 15 – ескерту) тартылған.
Теміржол көлігін бақылау саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендету және тиімділікті арттыру шараларының бірі ретінде кәсіпкерлік субъектілеріне және жолаушылар пойызына тексеру жүргізу барысында видеожетон, планшеттік құрылғылар мен Әкімшілік іс-жүргізудің бірыңғай тізілімі бар мобильді принтерлер қолдану жоспарлануда.
Видеожетондарды қолдану тексерілетін субъектілер мен Инспекция қызметкерлері тарапынан жасалған заң бұзушылық фактілерін тіркеуге мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне көлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасында әкімшілік құқық бұзушылық жасау фактісін және көліктік бақылау органдары қызметкерлерінің іс-әрекетін тіркеуге арналған техникалық құрылғыларды қолдану бойынша өкілетті органның құқығы қарастырылған.
Қазіргі таңда аталған Заң жобасы ҚР Парламентінің Мәжілісінде.
Жолаушылар пойызын жол жүру барысында тексеру кезіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою мақсатында 2019 жылға арналған Жол картасы аясында арнайы критерийлерді анықтау арқылы жолаушылар пойызына тексеру жүргізуді автоматтандыру жоспарлануда (орын жетіспеушілігі, жүкбагажды тасымалдау, билетсіз жолаушыларды тасымалдау және т.б.).
Аталған шара жол жүру барысында жолаушылар пойызын негізсіз тексерудің санын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кәсіпкерлік қызметті реттеуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 24 мамырдағы Заңымен өкілетті органның шағын көлемді кемелерді техникалық қадағалау функциясы алынып тасталды.