ҚР ИИДМ министрі Б.Б.Атамқұлов темір жол саласына зор үлесін қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Көлік министрі, құрметті теміржолшы Нығметжан Қабатайұлы Исингариннің 80-жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысты

Бүгін Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы қарсаңында Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б.Б.Атамқұлов темір жол саласына зор үлесін қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш Көлік министрі, құрметті теміржолшы Нығметжан Қабатайұлы Исингариннің 80-жылдық мерей тойына арналған халықаралық ғылыми практикалық конференцияға қатысты. Жиын «Қазақстанның көліктік әлеуеті: шығу тегі мен болашағы» атты тақырыпта ұйымдастырылды. Онлайн телемостқа еліміздің және шетелдік темір жол ұйымдары, ассоциациялар мен бизнес өкілдері, сала ардагерлері қатысты. Конференцияда Бейбіт Атамқұлов сексеннің сеңгіріне шыққан мерейлі туған күн иесі Нығметжан Қабатайұлына Елбасы мен Мемлекет басшысының, Премьер-Министрдің құттықтауларын жеткізді. Көлік комитетінің ұжымы Ардагер ағамызға зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейді.