КӨЛІК КОМИТЕТІ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

 КӨЛІК КОМИТЕТІ АУМАҚТЫҚ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛДЕРІНЕ АРНАЛҒАН СЕМИНАР-ТРЕНИНГ ӨТКІЗДІ

2018 жылғы 25 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің алаңында Көлік комитетінің Әдеп жөніндегі уәкілі Министрліктің әдеп жөніндегі уәкілімен бірлесіп Комитеттің аумақтық бөлімшелерінің әдеп жөніндегі уәкілдері үшін жеке тиімділік бойынша семинар - тренинг өткізілді.

Тренингке 17 аумақтық көліктік бақылау инспекциясы басшыларының орынбасарлары қатысты. Тренинг барысында Әдеп жөніндегі уәкілдің құралдары мен техникалық тиімділік менеджерін таныстырды, тұлғааралық коммуникация және өзгерістерді басқару мәселелерін қарастырды.

Сонымен қатар, көліктік бақылау инспекцияларының Әдеп жөніндегі уәкілдері қызметінің қорытындылары шығарылды, қойылған міндеттерді іске асырудың проблемалық аспектілері талқыланды және келесі жылға арналған жұмыс бағыттары белгіленді. Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзудың алдын алу бойынша Комитетте қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Көлік комитеті өз қызметкерлерінің кәсібилігін, әдептілігін және өзара қарым-қатынасының жоғары мәдениетін дамытуға ерекше көңіл бөлетіндігін және соған жағдай жасайтындығын атап өту қажет.