
2018 жылғы навигацияда Көлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен 1326 шағын, 44 өзен және 22 теңіз кемелерін тіркеу бойынша жұмыстар жүргізілген, кемелердің командалық құрамының адамдарына 56 аттестат және 87 диплом берілген.
Кемелерді пайдалануда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін Көліктік бақылау инспекцияларымен пайдаланыстағы 5076 кемелер қаралған, олардың нәтижесінде 945 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Сонымен бірге тиiсiнше күтiп-ұстауды қамтамасыз ету үшін кеме жүзетiн су жолдарының 12 мыңнан астам км қаралып, бұзушылықтарды жою туралы 38 нұсқама берілген.
Анықтама: Қазіргі кезде Қазақстанда 304 теңіз, 748 өзен және 17 мыңнан астам шағын көлемді кемелері тіркелген. Кеме қатынасы жолдарының ұзындығы 4 мыңнан астам км. құрайды.