АВТОМОБИЛЬМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ БОЙЫНША 30 ЕЛМЕН РҰҚСАТ БЛАНКІЛЕРІ АЛМАСТЫРЫЛДЫ

 АВТОМОБИЛЬМЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТАСЫМАЛ БОЙЫНША 30 ЕЛМЕН РҰҚСАТ БЛАНКІЛЕРІ АЛМАСТЫРЫЛДЫ

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі бүгінгі күнге дейін 30 шетелдік мемлекеттің құзырлы органмен рұқсат бланкілерін алмастырды және 129535 рұқсат бланкісін алды (Австрия, Әзербайжан, Бельгия, Болгария, Венгрия, Германия, Дания, Иран, Испания, Италия, Қырғызстан, Латвия, Литва, Молдова, Моңғолия, Нидерланды, Норвегия, Польша, Ресей, Словения, Түркия, Украина, Финляндия, Хорватия, Чехия, Швейцария, Швеция, Эстония, Қытай, Түркіменстан).

Барлық үлестірілген шетелдік рұқсат бланкілері бөлу тәртібіне сәйкес аумақтық көліктік бақылау Инспекцияларына жіберілді.

Дипломатиялық арналар бойынша  11 мемлекеттен жіберілген (Ұлыбритания, Беларусия, Греция, Португалия, Румыния, Сербия, Словакия, Өзбекстан, Франция, Черногория, Иордания) шетелдік рұқсат бланкілері күтүлуде.

Аумақтық көліктік бақылау инспекциялар арасында шетелдік рұқсат бланкілерді бөлу