
Теміржол көлігі саласындағы Көлік комитетімен және аумақтық органдармен 2018 жылға 1128 жолаушылар поезы тексерілді, бұл жерде 1298 билетсіз тасымалдау анықталды, Теміржол көлігінде жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау қағидаларының талаптарын 3616 бұзушылықтары табылды.
Бұл ретте, билетсіз жолаушыларды тасымалы үшін 3 млн. теңге айыппұл және Теміржол көлігінде жолаушыларды, багажды және жүкбагажды тасымалдау қағидаларының талаптарын бұзғаны үшін 1 млн. теңге астам төленді.
Сонымен бірге, тек Көлік комитетімен тасымалдаушыларға тексеріс қорытындысы бойынша анықталған бұзушылықтарды жою бойыша 5 ұсыным жолданды.
Сонымен қоса, берілген ұсынымдарды дұрыс орындамағаны үшін Көлік комитетімен «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінің 462 бабының 3 бөлімі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды.
Астана қаласының арнайы ауданаралық әкімшілік соттың шығарылған ұсынымдардың қорытындысы бойынша «Жолаушылар тасымалы» АҚ 2 млн. теңгеден астам көлемінде айыппұл салынды.