
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрімен 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 962 бұйрығымен «Теміржол көлігі саласында көрсетілетін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 555 бұйрығына өзгерістер енгізілді.
Атап айтқанда, «Теміржол көлігі саласында жүктерді тасымалдауға лицензия беру» мемлекеттік қызметті көрсету стандартында мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін 15 жұмыс күнінен 2 жұмыс қысқаруын және алуға қажетті құжаттар тізбесін 3-тен 2-ге қысқаруын көздейді.
Сондай-ақ, мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесінен лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы құжаттың электрондық көшірмесі алып тасталынды, себебі ЭҮТШ арқылы төленетін болады.
