
Осымен, Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрімен 2017 жылғы 28 сәуірдегі №249 «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартына өзгерістер енгізілді, бұл жерде өтінішті қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін беру www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (жылжымалы мүлік кепілінің бірыңғай тізілімі) арқылы жүзеге асырылатынын хабарлаймыз.
Осыған орай, электрондық үкімет порталында «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызметі іске қосылды (https://egov.kz/cms/ru/services/doing_business/pass069_mu).
Сондай-ақ, өтініш беру кезінде мемлекеттiк көрсетілетін қызметтің мерзімі электрондық үкімет порталында тек 1 жұмыс күнін құрайды.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер құжаттарды электронды беру арқылы «Жылжымалы құрам кепілін мемлекеттік тіркеу» мемлекеттiк көрсетілетін қызмет уақытын айтарлықтай қысқартуға қол жеткізеді.