Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері елордада салмақ бақылауды елемейді

Ауыр жүк көліктерінің жүргізушілері елордада салмақ бақылауды елемейді

Нұр-сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы елордада жүк тасымалдауды жүзеге асыратын ауыр салмақты автокөлік құралдарына көліктік бақылау жүргізу бойынша жұмысты жандандырды.
18 шілдеден 10 тамызға дейін екі апта ішінде жүк автокөлік құралдары жүргізушілерінің тоқтау туралы талаптарды елемеуінің 43 жағдайы тіркелді.
Бұл ретте заңнамаға сәйкес жүк жөнелтушілер мен тасымалдаушылар жол төсеміне зиян келтірмеу үшін салмақ және көлем өлшемдерінің белгіленген талаптарын қатаң сақтауға тиіс.
Алайда аталған автокөлік құралдарының жүргізушілері инспектордың талабын елемей, көліктік бақылаудан өтуден жалтарған.
ҚР ӘҚБтК - нің 613-бабына сәйкес, бекеттердегі (оның ішінде жылжымалы) көліктік бақылау қызметкерлерінің талаптарын орындамау жүргізушінің 30 АЕК мөлшерінде әкімшілік жауаптылығына, ал бір жыл ішінде қайталап бұзу-жүргізушіні алты айға көлік құралдарын басқару құқығынан айыруға әкеп соғады.
Көлік комитеті тасымалдаушылар мен жүк жөнелтушілерге салмақ параметрлерін сақтау туралы заңнама талаптарын мүлтіксіз сақтауды ұсынады және жол берілген бұзушылықтар үшін жазаның бұлтартпастығы туралы еске салады.
ҚР ИИДМ Көлік комитетінің Нұр-сұлтан қаласы бойынша көліктік бақылау инспекциясы жоғарыда аталған АТС иелеріне қажетті құжаттарды ұсыну және жағдайды талдау үшін жүргізушілердің келуі туралы талаптарды жолдады.
Инспекцияның осы талаптарын орындамаған жүк көліктерінің иелері ҚР ӘҚБтК – нің 462-бабы бойынша-лауазымды адамдардың қызметтік міндеттерін орындауына кедергі келтіру бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылуға дайын болуы тиіс.