Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін "Кедергісіз ортаны" қамтамасыз ету мақсатында кеңес өткізілді

Мүмкіндігі шектеулі тұлғалар үшін "Кедергісіз ортаны" қамтамасыз ету мақсатында кеңес өткізілді
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Б. Атамқұловтың төрағалығымен Министрліктің құрылымдық бөлімшелерімен мүгедектігі бар адамдар үшін "Кедергісіз орта" құру мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес барысында қолжетімді орта талаптарына сәйкестігі тұрғысынан инфрақұрылымның өзекті мәселелері талқыланды.
Бұдан басқа, кеңеске қатысушылардың тыныс-тіршілік объектілерінің (әуежайлар, авто және т/ж вокзалдары және т.б.) ағымдағы жай-күйі туралы ақпараты және кедергісіз орта құру бойынша қабылданып жатқан шаралар тыңдалды.
Кеңес қорытындысы бойынша, мүмкіндігі шектеулі адамдар үшін инфрақұрылымның қолжетімділігін жетілдіру бойынша одан әрі шаралар жүргізу тапсырылды.
Жалпы, мүмкіндігі шектеулі жандар үшін "Кедергісіз ортаны" қамтамасыз ету мәселесі Министрліктің тұрақты бақылауында.