БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

БАСПАСӨЗ-РЕЛИЗІ

2017 жылы 9 ақпанда «Время» газетінде техникалық тексеру операторларының (бұдан әрі - оператор) техникалық тексерудің диагностикалық карталарын көлік құралдарын техникалық тексеруден (бұдан әрі – техбайқау) өткізбей-ақ сақтандыру компаниялары арқылы беретіні туралы мақала жарық көрген.   

Мақалада көрсетілген «Техосмотр Асан» ЖШС және «Автодиагностикалық орталығы» ЖК операторлары техбайқауды ұйымдастыру және одан өткізу тәртібін әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап бұзғаны үшін операторлар тізілімінен шығарылған («Техосмотр Асан» ЖШС 30.03.2016ж. № 28-Н бұйрығымен, «Автодиагностикалық орталығы» ЖК 04.07.2016ж. № 59-Н бұйрығымен).

Сонымен қатар, аумақтық көліктік бақылау органдары 2016 жылы 146 операторға қатысты 278 тексеру жүргізіп, 5 млн. 832 мың теңге көлемінде 222 әкімшілік хаттама толтырылған. 13 оператор тізілімнен шығарылды.