АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӨЛІКТІ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ БОЙЫНША КӨЛІКТІ БАҚЫЛАУ ИНСПЕКЦИЯСЫНЫҢ ҮЗДІК ӘЙЕЛ ҚЫЗМЕТКЕРІ

Лукбанова Света Нургалиевна 1964 жылы 28 ақпан күні Ақтөбе облысы Хобда ауданындағы Берсеево ауылында дүниеге келген.  Ақтөбе облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясының ұжымында еңбек жолын 1997 жылы маман ретінде бастаған. 1999 жылдан бастап жетекші маман лауазымына ауыстырылған, 2008 жылдан бастап бүгінгі күнге дейін бас маман ретінде жұмыс атқаруда.

Света Нургалиевна автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінің құзіретіне қатысты қажетті стратегиялық және бағдарламалық құжаттар білім деңгейін жақсы меңгерген.

Инспекцияға жаңадан келген әріптестеріне Света Нургалиевна кәсіби және лауазымдық бейімделуіне және лауазымдық міндеттерді орындау кезінде туындаған кәсіби қиындықтарды жеңуде көмек көрсетеді. Қызметтік борышын үлгілі орындап, жаңадан кірген қызметшілердің кәсіби қалыптасуы мен тәрбиесіне елеулі үлес қосқан. Жоғары кәсіби қасиеттерге ие, тәрбие жұмысына бейімділігі және ұжымда беделі бар қызметкер болып табылады.

Света Нургалиевна жұмыста көлік бақылау саласындағы теориялық және практикалық дағдыларды меңгерген маман ретінде танылады. Сонымен қатар, 20 жыл бойы Инспекцияның автомобиль көлігіндегі бақылау бөлімінде ерлер ұжымында жалғыз әйел адам қызмет атқарады.

Атқарып жатқан қажырлы еңбегің жоғары бағалай отырып, көлік кешені саласының дамуына қосқан үлесі үшін, бірнеше рет Көлік комитеті және инспекция атынан алғыс хаттармен марапатталған.

Тұрмыс құрған, қазіргі таңда екі баланың анасы, үш немере сүйген үлгілі әйелдердің бірі.