Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті

Қазақстан мен Чехия көлік саласындағы ынтымақтастықты дамытуға келісті

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Қазақстан Республикасы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Чехия Республикасының Көлік министрі Иван Беднарикпен екіжақты кездесу өткізді.

Тараптар көлік саласындағы ынтымақтастықты кеңейту перспективаларын, соның ішінде азаматтық авиация және теміржол көлігі салаларындағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша министрлер Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен Чехия Республикасы Көлік министрлігі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Құжат теміржол көлігі, өнеркәсіп және технологиялық даму салаларындағы стратегиялық ынтымақтастықты дамытуға бағытталған.

Меморандумға қол қою Қазақстан мен Чехия арасындағы екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтуға және көлік саласындағы өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге негіз болады.