ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік ведомстволары басшылары кеңесінің 11-отырысы өтті

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік ведомстволары басшылары кеңесінің 11-отырысы өтті

NEW SILK WAY халықаралық көлік-логистикалық бизнес-форумы аясында Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) мүше мемлекеттердің көлік саласындағы уәкілетті органдары басшылары кеңесінің 11-отырысы өтті.

Отырысқа ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің көлік ведомстволарының өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің келісілген көлік саясатын іске асыру, халықаралық көлік дәліздерін дамыту, «Шығыс – Батыс» және «Солтүстік – Оңтүстік» бағыттарындағы инфрақұрылымдық шектеулерді жою, сондай-ақ 2027–2029 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланды.

Көлік тасымалдарын цифрландыруға, e-CMR электрондық халықаралық жүкқұжатын енгізуге, көлік бақылауын жетілдіруге және ұшу қауіпсіздігін арттыруға ерекше назар аударылды. Сонымен қатар жүргізушілердің еңбек және демалыс режимін бақылау, халықаралық жүк тасымалдары кезінде тіркемелерді ауыстыру және жүктерді қайта тиеу тетіктерін қолдану мәселелері қаралды.

Аталған бағыттар бойынша қабылданатын шаралар халықаралық тасымалдардың тиімділігін арттыруға, уақыт пен әкімшілік шығындарды қысқартуға, шекаралық рәсімдерді жеделдетуге және инфрақұрылымдық кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің транзиттік әлеуетін нығайтуға және көлік-логистикалық байланыстарды дамытуға ықпал етеді.