Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

Жезқазғанда қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалы ашылды

Жезқазған қаласында қайта жаңғырту жұмыстарынан кейін теміржол вокзалының ресми ашылу салтанаты өттіШараға Ұлытау облысының әкімі Есет Байкен, ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов, «ҚТЖ» ҰК» АҚ мен мердігер ұйым өкілдеріқала тұрғындары қатысты

Іс-шара барысында ҚР Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитетінің төрағасы Нұржан Келбұғанов Жезқазған вокзалын жаңарту Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздегі 124 теміржол вокзалын қайта жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілгенін атап өтті

Ұлытау облысында бағдарлама аясында төрт теміржол вокзалын жаңарту көзделгенБұған дейін ҚаражалЖаңаарқа және Қызылжар станцияларындағы вокзалдарды реконструкциялау жұмыстары аяқталған

Жезқазған теміржол вокзалы 1941 жылы салынғанҚайта жаңғырту нәтижесінде екі қабатты ғимараттың ауданы 582 шаршы метрден 2,5 мың шаршы метрге дейін ұлғайтылдыБұл нысанның функционалдық мүмкіндіктерін едәуір кеңейтіпжолаушылар үшін барынша қолайлы жағдай жасауға мүмкіндік береді

Қайта жаңғырту барысында жаңа тірек қаңқасықабырғалар мен жабындар салындышатыр толық жаңартылдыСыртқы және ішкі инженерлік желілердісоның ішінде кәріз, су, жылуэлектрмен жабдықтау және байланыс жүйелерін тарту бойынша кешенді жұмыстар жүргізілді. Вокзал орталық жылыту жүйесіне қосылды

Ғимараттың қасбеті мен іші толық жаңартылдыЖаңа терезе блоктары мен витраждар орнатылыпзаманауитозуға төзімдіұзақ мерзімді және оңай жуылатын әрлеу материалдары қолданылдыНысан ішінде аспалы төбелер орнатылыпедендер керамогранитпен және коммерциялық линолеуммен қапталды

Іргелес аумақты абаттандыруға ерекше көңіл бөлінді. Брусчатка төселіпшатыр мен жолаушылар перроны жаңартылдыжаңа қоршауларжиһаздар және қажетті жабдықтар орнатылдыЖолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес эвакуациялық жолдар қосымша жабдықталыпжаңа эвакуациялық есіктер орнатылды

Вокзалдағы орташа тәуліктік жолаушылар ағыны шамамен 1 800 адамды құрайды. Станция арқылы Жезқазғанды Алматы, Астана, Павлодар, Қызылорда және Қарағанды қалаларымен байланыстыратын 12 пойызөтеді

Вокзалды қайта жаңғырту жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттыруғажолаушылар үшін заманауи әрі жайлы жағдай жасауғасондай-ақ Ұлытау облысының көлік инфрақұрылымын одан әрі дамытуға мүмкіндік береді