Құрық порттың паром терминалында жүктердің өңделуін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың басынан бастап автоматтандырылған басқару жүйесі тесттік режимде пайдалануға енгізілді.
Құрық портындағы екінші іске қосу кешеннің 2018 жылда пайдалануға енгізумен осы жүйені толыққанды өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарлануда, ол порт инфрақұрылым қуаттарын барынша қолдануға және жүктерді ауыстырып тиеу процестің барлық қатысушыларының тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Осы жүйе келешекте Құрық портын Алят порты және Каспий маңы аумағының басқа порттарының ақпараттық жүйесіне ықпалдастыруға мүмкіндік береді.
Бүгінгі күні Құрық порттың паром терминалы арқылы жүктерін ауыстырып тиеу Алят порты бағытында іске асырылады. Жүктердің негізгі номенклатурасы – мұнай өнімдері (газоиль), халық тұтынатын тауарлар және басқа жүктер. 2017 жылғы 1-жартыжылдықта Құрық порты арқылы 407 мың тонна жүгі ауыстырып тиелді, жылдың соңына дейін 1 млн. тоннаға дейін жүгін өңдеу жоспарлануда.