ПРЕСС-РЕЛИЗ О ПОПОЛНЕНИИ ОТЕЧЕСТВЕННОГО ТОРГОВОГО ФЛОТА

 ПРЕСС-РЕЛИЗ О ПОПОЛНЕНИИ ОТЕЧЕСТВЕННОГО ТОРГОВОГО ФЛОТА

«Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламаны іске асыру шеңберінде ағымдағы жылғы маусымда отандық сауда флоты Нева кеме жасау-кеме жөндеу зауытында салынған дедвейті 7 мың тонна болатын «Атамекен» атты жаңа құрғақ жүк кемесімен толықты.

Аталған кемені Каспийде, сондай-ақ ашық теңіздерде де, халықаралық тасымалда іске қосу жоспарлануда. Ағымдағы жылдың соңына дейін осы кемемен шамамен 80 мың тонна жүгін тасымалдау жоспарлануда.

Бүгінгі күні отандық сауда флотының Қазақстан порттары арқылы жүктер тасымалының Каспийдегі үлесі шамамен 25 % құрайды. Қазіргі кезде қазақстандық кемелерінің жүктерді тасымалдауы Ақтау-Баку, Ақтау-Махачкала, Ақтау-Амирабад, Түрікменбашы-Баку, Махачкала-Баку бағыттарында жүзеге асырылады. Жүктердің негізгі номенклатурасы – мұнай өнімдері, металл өнімдері, дәнді дақылдар.

 

Анықтама:

Сауда кемелерінің саны – 12 бірлік, соның ішіндегі: танкерлер – 8 бірлік ж/с   12-13 мың тонна, құрғақ жүк кемелері – 4 бірлік, ж/с: 2 бірлік – 5 мың тонна, 2 ед. – 7 мың тонна.