ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕК МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНАН ҚАУІПСІЗ ӨТУ

ҚАЗАҚСТАН-ӨЗБЕК МЕМЛЕКЕТТІК ШЕКАРАСЫНАН ҚАУІПСІЗ ӨТУ

Ағымдағы жылғы 3 шілдеде Қазақстан Республикасының Үкіметі және Өзбекстан Республикасының Үкіметі арасындағы Қазақстан-өзбек мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы келісімге 2006 жылғы 4 қыркүйектегі Хаттамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы   2017 жылғы 14 наурызда Астанада жасалған Хаттама ратификацияланған.

Хаттамамен теміржол өткізу пунктін шекарадан 80 км орналасқан Бейнеу станциясынан шекарадан 2 км орналасқан Оазис станциясына ауыстыру,  «Целинный» және «Сырдария» автомобиль өткізу пункттерін ашу және «Қазығұрт», «Қапланбек», «Атамекен» өткізу пункттерінің мәртебесін «екіжақтыдан» «көпжақтыға» ауыстыру және тәулік бойы жұмыс режимі көзделген.

Өткізу пунктін Оазиске ауыстыру мемлекеттік шекараны кесіп өту кезінде қауіпсіздікті арттыруға және Өзбекстаннан келе жатқан құрамдардың Қазақстанның аумағы арқылы бақылаусыз өтуін болдырмауға мүмкіндік береді.

«Целинный» және «Сырдария» құрылатын автомобиль өткізу пункттеріне қатысты – олар М-39 автожолының транзиттік учаскесінде орналасатынын ескере отырып, көрсетілген пункттер арқылы транзитпен келе жатқан Өзбекстан азаматтарына жеңілдетілген өткізу мүмкіндігітен беріледі. Бұл жағдайда шекараны кесіп өту туралы белгілер паспортта емес, миграциялық карточкада қойылады. Бұл ретте, осындай транзит коммерциялық жүктерді өткізусізтен жеңіл көлік үшін ғана беріледі.

Өзге жағдайларда, яғни транзитсіз өту кезінде «Целинный» және «Сырдария» өткізу пункттері қолданыстағы заңнамаға сәйкес, штаттық режимде жұмыс істейтін болады, яғни екі елдің азаматтарының кіруі, шығуы миграциялық және кеден нормаларының сақтауымен өтеді. 

 «Қазығұрт», «Қапланбек», «Атамекен» автомобиль өткізу пункттерінің мәртебесін «көпжақтыға» ауыстыру тасымалдаушылар және сыртқы экономикалық қызметтің қатысушыларына қолайлы жағдайлар жасайды және үшінші елдердің азаматтарының кіруіне мүмкіндік береді.

Жалпы Хаттама мемлекеттер арасында тауар айналымын ұлғайту үшін жағдайды құруға және Қазақстан-өзбек шекарасын қауіпсіз өтуін жоғарлатуға мүмкіндік береді.